Құрылғыны жылжыту ережелері

MSP клиентіне сай келетін виртуалды сервердегі басқару топтарында құрылғыларды орналастыру, құрылғыны жылжыту ережелерінің көмегімен автоматтандырылғаны жөн. Жылжыту ережесі үш негізгі бөліктен тұрады: атауы, орындау шарттары (құрылғы атрибуттарының логикалық өрнегі) және мақсатты басқару тобы. Құрылғының атрибуттары ережені орындау шартына сай келсе, онда ереже құрылғыны мақсатты басқару тобына көшіреді.

Құрылғыны жылжыту ережелерінің басымдықтары бар. Басқару сервері құрылғының атрибуттарын әрбір ережені орындау шартына сай келу тұрғысынан, ережелер басымдығының азаюы тәртібінде тексереді. Құрылғының атрибуттары ережені орындау шартына сай келсе, онда құрылғы мақсатты топқа көшіріледі және бұл құрылғы үшін ережелерді өңдеу осымен тоқтайды. Егер құрылғының атрибуттары бірден бірнеше ережеге сай келсе, онда құрылғы үлкен басымдыққа ие ереженің мақсатты тобына көшіріледі (ережелер тізімінде жоғары тұр).

Құрылғыны жылжыту ережелері айқын емес түрде жасалуы мүмкін. Мысалы, қашықтан орнату тапсырмасының немесе пакетінің сипаттарында, Желілік агентті орнатқаннан кейін құрылғы кіруі тиісті басқару тобы көрсетілуі мүмкін. Сондай-ақ, жылжыту ережелерін Kaspersky Security Center әкімшісі айқын түрде, жылжыту ережелерінің тізімінде жасай алады. Тізім Басқару консолінде, Тағайындалмаған құрылғылар тобының сипаттарында орналасқан.

Жылжыту ережесі, әдепкі бойынша құрылғыларды басқару топтарында бір рет бастапқы орналастыруға арналған. Ереже, Тағайындалмаған құрылғылар тобындағы құрылғыларды бір рет қана көшіреді. Егер құрылғы бір рет осы ережемен көшірілген болса, тіпті құрылғыны Тағайындалмаған құрылғылар тобына қолмен қайтарған жағдайда да, ереже оны қайтадан көшірмейді. Бұл, жылжыту ережелерін қолданудың ұсынылатын тәсілі.

Басқару топтарында әлдеқашан орналастырылған құрылғыларды жылжытуға болады. Бұл үшін, ереженің сипаттарында Басқару топтарында орналастырылмаған құрылғыларды ғана жылжыту жалаушасын алып тастау керек.

Басқару топтарында әлдеқашан орналастырылған құрылғыларға қолданылатын жылжыту ережелерінің болуы, Басқару серверіне түсетін жүктемені едәуір арттырады.

Бір құрылғыда көп рет әрекет ете алатын жылжыту ережесін жасауға болады.

Бір құрылғы топтан топқа көп рет жылжыту, мысалы, құрылғыға арнайы саясатты қолдану, арнайы топтық тапсырманы іске қосу, белгілі бір тарату нүктесінен жаңарту мақсатында басқарылатын құрылғылармен жұмыс істеу тәсілдемесінен аулақ болу қатаң ұсынылады.

Мұндай сценарийлерге қолдау көрсетілмейді, өйткені олар Басқару серверіне және желілік трафикке жүктеу бойынша онша тиімсіз. Сондай-ақ, бұл сценарийлер Kaspersky Security Center жұмыс моделіне қарама-қайшы келеді (әсіресе, қатынасу құқықтары, оқиғалар мен есептер саласында). Басқа шешім іздеу, мысалы, саясат профильдерін, құрылғыларды таңдау үшін тапсырмаларды қолдану, әдістемеге сәйкес Желілік агенттерді тағайындау керек және т.с.с.

Басына оралу